Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  209


Автор: Ғали Орманов

ОЙ ҚАНАТЫ

Қояр ма, сірə, жырлатпай
Қалаған жаңа жыл жетсе;
Қилы да қилы кітаптай,
Бірінен бірі ерекше.
Ойласақ өткен жылды біз,
Оқимыз алуан дастанды.
Ұшырған біздің жүр жұлдыз
Шиырлай кезіп аспанды.
Қиырға қилы шарықтар,
Қанатты қиял қысылмай;
Қадірлер оны халықтар
Тыныштық, бақыт құсындай.
Өнерін төгер өмірге
Өрісі шексіз жаңа ойлар.
Жарысар аспан төрінде
Жарқырап біздің жаңа айлар.
Құлпыра өмір мəңгі жас,
Көрсетер көркін сан алуан.
Салтынан сол бір айнымас –
Жылымыз соған жаралған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Нұрай
Нұрай 26.10.2022 22:11
Мен Ғали Ормановты жақсы көремін.Ол кісі өте сондай бір ойымшыл адам деп ойлаймын.Мен мектепте АКТ залда Ғали атамыздың ОЙ ҚАНАТЫ деген өлеңін айтқам,маған ұнады.Достар Ғали Ормановтың өлеңдерін,шығармаларын,өмірбаянын,еңбектерін жаттап жүрейік.Сіздерге ұнайды деген үміттемін !!!??❤️??

Пікір жазу