Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  132


Автор: Ғали Орманов

ЖЕҢЕШЕМ ТЕҢЕУІ

Алдымызға жеңешем
Сүр əкелді былқытып;
Сүйсіне оны жеген соң,
Сусындадық жұтып құрт.
Қарсақ жонды қою құрт
Қандай абзал, май қатқан!
Жаман болса оны жұрт
Жақсы десін қай жақтан.
Тағам ғой деп келіскен
Айтады жұрт бар сырын;
Жүздерінен соны ішкен
Май тамады малшының.
Құрт ішкенге тегештен
Кетті тершеп жүзіміз.
Сылқ-сылқ күлді жеңешем
– Сықылды деп құдды біз...
Тиді жылы сол теңеу
Бізді өзіне балаған.
Кетті қызып сөз дереу
Тоңазыған манадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу