Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  110


Автор: Ғали Орманов

АЛҒЫС

Көп алғыс құрметіңе,
Кемелғазы,
Қырғыздың мінезінде самал жазы.
Жадыңда жабырқар ой қалдырмасын,
Кейде бір қалып кеткен ағаң назы.
Төрінде ошарыла жаттық аунап,
Қит еткен көңіл кілтін таптың аулап.
Қарқ боп дос жүрекке, көп тілекке,
Бір жасап тойларыңнан қайттым қаулап
Сарынды сөз аңғарын біл, қарағым,
Сірə бұл тегіс емес жырлағаным:
Емшегін Алатаудың егіз емген,
Елдерміз баласындай бір ананың.
Жүрейік құлақ түре,
сұрай-сұрай,
Əр хабар жатсын жетіп жылы ұшырай.
Өлеңім бір куəсі болсын соның,
Ұмытты-ау дегізбеске сол,
апыр-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу