Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  110


Автор: Ғали Орманов

БАТЫРЛЫҚ БЕСІГІ

Асқарлар шоғыр-шоғыр, түйдек-түйдек...
Тауларды бұл сықылды көргем сирек.
Бейнесі бір халықтың бітіміндей
Кетпейді көкейімнен кейбір сурет.
Қанаттас Қызарт, Бура, Қайқы, Торғат.
Көшпе бұлт көлбей соған жатыр орнап.
Қырғызға ақ қалпақты ұқсайды тым
Самсыған сабын түзей асу қорғап.
Берер ме дəл суретін тартсаң бояу:
Тірескен таулар иық көкке таяу,
Шаншыла найзалары, тұр қақшиып,
Қағылез, қалғымайтын, қашан да ояу!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу