Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  86


Автор: Ғали Орманов

Ашумен шыққан өлеңім

Ашумен шыққан өлеңім
Өзіне тартса болмай ма?
Тынысын тыңдап мен оның
Сілкінбес пе едім ондайда.
Ашуға татыр ащы сөз
Өзімде бірақ жоқ шығар.
Билеген адам сол мінез
Өмірге, бəлкім, көп шыдар!
Күйдірсе мінез күйгелек
Тыныштық кімге таптырар.
Мазасыз шіркей үймелеп
Жүйкеңді шым-шым шаққылар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу