Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  136


Автор: Ғали Орманов

ЖЕР МЕЙІРІМІ

Шыр етіп жерге түскеннен
Сүйейсің арқа сен соған.
Құрайды демей ештеңем,
Қияды барын ол саған.
Тепкілеп жатсаң төсінде,
Тербейді сені үндемей.
Тағарсың кінə несіне,
Түгі жоқ бүгер түймедей.
Ауасы дəйім аймалап,
Шуағы балқи сүйеді.
Төбеңнен түнде ай қарап,
Жұлдыздан шоқтар түйеді.
Бесікте, бəлкім, балбырап,
Бірін де соның білмейсің.
Баулиды тынбай жер бірақ
Өзінің тосын иесін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу