Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  81


Автор: Ғали Орманов

АҚЫН ТҰЛПАРЫ

Шүу дейін, кəне, мініп көр дөненім,
Көңліме кернеп бірге келді өлеңім.
Кісідей қырсау мінген тепеңдемей,
Жөн шығар бауыр жаза сермегенім!
Сүйкімді көрінеді көзге түрің,
Қалпың бар тұғырындай сөз көркінің.
Жаратқан жақсы баптап жүйрігімдей,
Жаныма жазы-қысы берме тыным.
Жаңаның қашан болсын білем жайын,
Жаныңды қамшылайды бұл əрдайым.
Қиырға қалам ұстап аттанарда,
Алдымда жаңа столым тұр дап-дайын.
Өлеңге ұдайы бір шабыт түсіп,
Тербетсін ойымды сол қатты қысып.
Қанатын жаңа қаққан құстарымдай,
Үстіңнен өлеңдерім жатсын ұшып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу