Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  119


Автор: Ғали Орманов

Əсем тау, əнші дала тербе мені...

Əсем тау, əнші дала тербе мені,
Көңілдің қозғалсын бір пернелері.
Төгілсін көкіректен көрікті өлең,
Елге де сол емес пе ең керегі!
Қалқиып қатарында бос жүргенше,
Қаулайын қашан тозып, ескіргенше.
Арқалап ақын атын неге керек,
Дауысың күнде жарқын естілмесе!
Күн көріс, құр əйтеуір күйбең өмір
Демей ме: дала көрмей, үйде көміл.
Нұр жауар талаптыға деген сөз бар,
Ендеше сен де содан үйрене біл!
Өңірді өзің өскен жүрсең біліп,
Сылдырап тұрған жоқ па жыр төгіліп?
Соларға жүзе жүріп өлең терсең,
Тынысын танымай ма жұрт өмірлік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу