Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  82


Автор: Ғали Орманов

Ағаш басын сіліксе күздің желі...

Ағаш басын сіліксе күздің желі,
Жапырақтар саудырап үзіледі.
Сол ағашқа мені де ұқсатып тұр
Ақ шашым мен əжімдер жүзімдегі.
Қашан көрсең, секілді мен бозқырау,
Аша алмаймын жасқанып желге омырау...
Өлең жазсам, жалғыз-ақ жылынамын,
Суық тимес дуасы бар ма апыр-ау?
Жібермейді, білем, ол күзді серпіп,
Жазсам бірақ тастайды мені желпіп.
Жанымды əсте жауратпай бағам солай,
Жазыма ұқсас заманның күйін шертіп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу