Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  69


Автор: Ғали Орманов

КӨЛДЕР КӨЗІ

Көз тігесің үңіліп
Мөлдіреген көлдерге.
Көлдер көзі тұр күліп
Қимасыңдай көргенде.
Тас табаққа құйғандай
Қалай əсем жасалған!
Көлдер барын қиғандай
Келсе де оған қанша адам.
Сырлары ма дер едім
Аймаласқан сылдыры.
Шумағындай өлеңнің
Құлағыңа жып-жылы.
Көк тасты көл Қоғалы
Көзге сонша сүйкімді.
Қаламыздың қонағы
Қызығады бір түрлі.
Көл атын да ол анықтар
Көре берсе су бетін.
Көлдер көзі танытар
Алматының суретін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу