Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  151


Автор: Ғали Орманов

Өзгеге менің өкпем жоқ...

Өзгеге менің өкпем жоқ,
Етпесем өзім жасыңтық...
Қырлары жұрттың неткен көп,
Құбылған жоқты кəсіп қып?
Құбылса мейлі ол қалай,
Қырқыспан бірақ ешкіммен.
Қабақты сезгіш баладай,
Қоямын түйіп ішімнен.
Көңілге қаяу түсірмей,
Сыйласар жəне түрім бар.
Өздері бірақ тек жүрмей,
Орынсыз кейде ұрынар.
Ондайға жаның беттей ме,
Көңілің қайтса маздаған:
Жемісі жердің жетпей ме?
Жарығы күннің аз ба оған?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу