Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  86


Автор: Ғали Орманов

ҚҰНАР КӨЗ

Желі саз тері шоқпар тас –
Секілді жайлау шоқтығы.
Биіктер жатыр жапсарлас
Көк орай сайлы, қоқтылы.
Шоқыда тұрып бір мезет
Суретін шолдым дағдылы:
Бытырап жатқан көп өзек
Секілді таудың тамыры.
Тарайды содан сан бұлақ,
Жамырай өріп төменге.
Үніне сен де сал құлақ:
Ұқсайды əн мен өлеңге.
Осыған қарап малшылар
Деседі жомарт, тауын бай.
Оларға шүйгін сол шыңдар
Сарқылмас сүті сауындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу