Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  94


Автор: Ғали Орманов

МАЙ ГҮЛІ

Гүл бейнелі жетсе де жаз көктемі,
Көк майсаға оранса да бөктері,
Қар бүркеніп қарайды əлі Алатау,
Өркеш-өркеш ақша бұлттай көктегі.
Көзге салқын əппақ шыңдар шоғары,
Шоқыларын шуақ сүйген жоқ əлі.
Бауырына маздаған жаз келгенде,
Қысың сырып əкеткендей жоғары.
Білем, бірақ тартады енді тау жылы,
Ол мінезі əркімдерге-ақ əйгілі.
Күн қызуы көкірегін балқытып,
Балғын шағы оралады дағдылы.
Атырабы мəуелейді гүл атып,
Бұлбұлдары əн шырқайды бұралтып.
Сайларында сақ-сақ күліп бұлақтар,
Жаз жырына қосылады құмартып.
Алматыда тойға шықсақ май күні,
Толғамайсың сен де, достым, жай мұны
Бауларында, баурайында қаулаған
Туымыз да секілді əсем май гүлі.
Жас өренше жаз барады тауға өрлеп,
Алуан гүлдер əшекейлі салды өрнек.
Өмір күші өнбойына жүгіріп,
Қар жамылған кəрі құз да көгермек




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу