Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  59


Автор: Ғафу Қайырбеков

ҚҰТТЫҚТАУ ЖЫР

Ардақ тұтқан, ағалар, ардагерлер,
Аман-есен апаттан қалған ерлер!
Құттықтаймын Сендерді Жеңіс күні
Қарт офицер, қашанғы қарт жауынгер.
Сəулесіндей Жеңістің шашыраған,
Ордендерің кеудеңде жарқыраған,
Азаттықтың күніндей елестейсің,
Алтын жеңгем аяулы, алтын ағам.
Мен де соғыс сұмдығын көрдім жастан,
Жетім күнгі бейнетім шаштан асқан,
Көкірегімде əлдилеп келемін мен
Саған деген құрметті тастамастан.
Құлағымда «Жеңіс!» деп жар салғаның,
Есімде бар еңіреп қарсы алғаным,
Сондағы жақсылықтың жұрнағындай
Жасаңдар жарықтығым, жайсаңдарым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу