Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  75


Автор: Ғафу Қайырбеков

Қанша бүгін жаманда, мейлі маған...

Қанша бүгін жаманда, мейлі маған,
Мен партия жолынан айнымағам.
Сен айтқандай ол жеке адам емес,
Ол – идея, ол – мақсат алға қойған.
Ол – бəтуə, ол – күрес, ол – бас, бірлік,
Бір құдайға сыйынбай болмас тірлік.
Бір жұлдызға маңдайды тіремесең,
Қиын емес кетуің азып, жүнжіп.
Еңбек ету үшін де үміт керек –
Сыйынатын құдіретің күтіп көмек,
Бойыңдағы барыңды беруге де
Қайратыңды тұратын сілкіп, демеп.
Арылту да, аршу да – оның ісі,
Келсе адамның арымен жолығысы.
Бəрін жасар – идеям отаншылдық, –
Пенделіктен жоғары оның күші.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу