Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  120


Автор: Ғафу Қайырбеков

Менің балам қырықта...

Менің балам қырықта,
Сенің балаң қырықта.
Өсіп жатыр əйтеуір
Астанада туып та.
Енді елуде ер жасы,
Байқа сөздің мəнісін
Жерлестіктің мағынасы
Өзгермесе, неғылсын...
Тасығанмен ауылдан
Қала көнбес ырқыңа, –
Ескілікпен ауырған
Есіл туыс жұртына.
Болашағы жоқ нəрсе,
Бола тұрсын дегенмен.
Сол бір ұғым өзгерсе,
Дəл бүгін де көнем мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу