Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  86


Автор: Ғафу Қайырбеков

Уақыт

Əдеті, адам көз ілсе,
Түсіне кірер баяғы,
Əр уақыт өзінше
Басы да бар, аяғы.
Жаңа мезгіл, əр кезең,
Қиналып туар сəбидей,
Немесе бейне долы өзен
Өткелі жұмбақ – бəрі үрей.
Құтырып кеткен пенденің
Келтіру абзал тобасын.
Болады шегі əр ненің,
Бəрібір соған соғасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу