Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  83


Автор: Ғафу Қайырбеков

Бір жарым ғасыр

Бір жарым ғасыр
Бір есім асыл
Жадыңнан аста кетпей тұр.
Туғызған соны
Шыңғыстың жоны
Аспанға аз-ақ жетпей тұр.
Жетпейді оған
Керемет туған
Кемеңгер басын құраса.
Абай ғой, – дедің
Қазақтай елдің
Төбесі кім? – деп сұраса.
Жабықсан егер,
Беретін шебер
Көзіңнің жасын құрғатып.
Адамның нары –
Абайдың бары,
Əкенің бары – бір бақыт.
Тұлғасы алып.
Бір өзі халық
Туар ма кісі Абайдан.
Ақылы – теңіз
Аспанмен егіз
Кеудесі алтын сарайдай.
Батыстай сабаз,
Шығыстай маңғаз,
Жаһандай байтақ жаралған.
Сондай бір ұлды
Тудырып тынды
Қазақта қандай бар арман!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу