Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  90


Автор: Ғафу Қайырбеков

Туған жерін жырлаған жарты ғасыр...

Туған жерін жырлаған жарты ғасыр,
Туған елге бағасы артық, асыл,
Қарт ағасы өлеңнің қыстай науқас,
Көңілі жабық, ойы ояу, көзі басыр.
Дүр сілкінді мына сəт кеуде керіп,
Жан сарайы құлпырды сəулеленіп,
Көк аспанға ұмтылды құс рухы,
Қатып қалған қанатын сермей беріп.
«Өз ағам ғой, мен, – деді оны сөйткен» –
Ақын тұрып: «Жоқ – деді, – енді көктем.
Менің оған қайтарған бұл алғысым –
Ол мен үшін тым ұзақ еңбек еткен».
Перзентсіз жас ортасы жерге жеткен,
Көз жасын оңашада ермек еткен
Бір мұңлық жарылқанар туды сəті –
Оны да осы көктем еркелеткен.
Оның да ескі үмітін құптай қалған.
Құшты бір жас сұлуды оттай жанған.
Өзі де оқ жыландай шапшаң еді
Түбінде кіндігінің шырқ айналған.
Шықты үйден жөргек иісі: «Бала-бал», – деп
Дүние мейманына «келе қал!», – деп,
Жомартсып ақын сонда көктемге айтты:
«Бұл жолғы абыройды сен-ақ ал!» – деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу