10.07.2022
  110


Автор: Намаз

Намаздың уақыттары

Таң намазы – таң атқаннан күн шыққанша.


Бесін намазы – күн тал түстен ауғаннан кейін заттың көлеңкесі өз бойынан екі есе ұзарғанша;


Екінті намазы – заттың көлеңкесі екі есе ұзарғаннан бастап, күн батқанша;


Ақшам намазы – күн батқаннан, күннің қызыл шапағы тарағанша;


Құптан намазы – Ақшамның уақыты өткеннен, таң намазы кіргенге дейін.


Үтір уәжіп намазы Құптан намазынан кейін таң намазы кіргенге дейін;


Намаз оқу мәкруһ болған уақыттар:



  1. Күн шыққаннан соң найза бойы көтерілгенге дейін;

  2. Тал түсте (күн нақ төбеде тұрған кезде)

  3. Күн батып бара жатқан кезде. Сол күннің екінті намазынан басқа, Фарыз, уәжіп, нәпіл намаздарды өтеу мәкрук. (Х. Алтай Ғибадатул- Ислам Алматы: 2001 ж., 47 б.).




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу