10.07.2022
  441


Автор: Намаз

Намазды жарамсыз ететін он әрекет

НАМАЗДЫ БҰЗАТЫН ОН АМАЛДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?


1️⃣Тәләффуз (дыбыс шығару) – әдейі жөтелу, дыбыс шығарып күрсіну.

2️⃣ Тәкәллум (сөйлеу, айту) – намазда сөйлеу немесе бірнәрсені айту.
Муғауия ибн Хакәм (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (ол кісіне Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: «Намаз адамдардың сөйлеуі үшін арналмаған, ол тек тәсбих, тәкбир және Құран оқудан тұрады». (Муслим)

3️⃣ Тәслим (сәлемдесу) – намаз уақытында біреуге сәлем беру немесе әлдекімнің сәлеміне жауап қайтару.

4️⃣ Дүниелік дұға – намаз уақытында қандай да бір дүние істері туралы дұға ету.

5️⃣ Докх– намазда дауыстап, қатты күлу.

6️⃣ Букәә – намазда жылау (егер тәубе етіп немесе тақуалықтан көңілі босап жыласа, онда намазды бұзбайды).

7️⃣ Әкл - намаз уақытында тамақ жеу (яғни, көлемі бұршақ тәріздес қандай да бір қоректі жұту).

8️⃣ Шурб – намаз оқу уақытында ішу (яғни, қандай да бір сусында немесе сұйық с затты ішу).

9️⃣ Ғамал кәсир – намаз оқып жатқандағы артық қимыл-қозғалыс. Яғни, сырттай қараған адам намаз оқып жатқан кісіні намазда емес деп ойлайтындай қимыл-қозғалыс жасау. Адамның күнделікті өмірде жасайтын қимыл-қозғалыстары (киіну, жүру, қарау т.б). Сондай-ақ, бұған әрбір тәкбірде, рукуғ алдында және одан кейін, сәжде алдында және рәкағаттар басында (қиямда) қолды көтеру жатады.

? Тәкрар әл-фиғл – қандай да бір әрекетті намаз уақытында үш рет қайталау (мысалы, бетін үш рет сипау, денені үш рет қасу, киімдегі түймені таққанда немесе ағытқан кезде үш реттік қозғалыс, бір уақытта үш қадам жасау (қажеттілік жағдайында, алдыңғы қатарда орын болса алға жылжуға болады) т.б.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу