Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  67


Автор: Ғафу Қайырбеков

ҚОШ, БАЯН!

Əсердің, көрген-баққан хикаяттың,
Үзігін елең етіп бір тараттым.
Жол шектік əлденеше біз күншілік
Жалында көңіл деген тұлпар аттың.
Көзімде əлі тұрсың көркің ойнап,
Көк жасыл, өжет өлке, еркін аймақ,
Тауысам қайдан сенің қадіріңді
Бір сөзді бір күн толғап, бір түн ойлап
Баяндай жер патшасы өзімде екен,
Қашанда көлеңкесі көзімде екен, –
Өмірдің қымбаттығын шебер айттың –
Қоспастан арасына сезім бөтен.
Қош, Баян! Азын-аулақ базарлыққа
Өкпелеп, өзімсің ғой, назар жыртпа.
Бар болып, бақыты боп арылмайтын
Жасай бер құтты қоныс қазақ-жұртқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу