Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  97


Автор: Ғафу Қайырбеков

Үнсіз неге отырсыңдар...

Үнсіз неге отырсыңдар,
Бар-жоқтарың сезілмей.
Көздеріңнен от ұшқындар
Балқып жатқан сезімдей.
Осынау көздер қарашығын
Қатты ұнатам неге мен, –
«Бал махаббат қаласының
Терезесі», – деген ем.
Соным рас, Май айында
Сендерменен кезігем.
Арман, үміт сарайында
Отырғандай сезінем.
Аспа, ақын, асылық қылма,
Бұл бақытты тұсыңда, –
Дəл осы сəт асылып тұрған
Сонша кірпік ұшына!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу