Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  608


Автор: Ғафу Қайырбеков

Алматыда көшесі бар Гогольдің...

«Алматыда көшесі бар Гогольдің,
Сəулем, содан алғаш рет көріндің», –
Əлі күнге тіл ұшында осы өлең,
Айрылмайтын сыңарындай көңілдің.
Түсімде де жиі көрем соны мен,
Жүрегімді демеп ыстық қолыммен,
Сол көшені бойлап келе жатамын
Айдың аппақ тасқа түскен жолымен.
Майдың түні екен деймін жұп-жұмсақ
Жапырақтар жел қойнына сыңғыр сап,
Кəзір-кəзір бір хош иіс қоршардай,
Кəзір-кəзір ашылардай бір құшақ...
Арулардың, армандардың көшесі,
Қай күн менің көз алдымнан көшесің,
Соны ойласам, шымырлайды жүрегім,
Сынардай боп махаббаттың кесесі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу