Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  118


Автор: Ғафу Қайырбеков

ЕСІҢДЕ МЕ?

Есіңде ме, уа, сүйгенім,
Есіңде ме жастық шақ,
Ай астында айқасатын
Есіңде ме қос құшақ?
Есіңде ме торғын көйлек
Суылдайтын желменен,
Есіңде ме түн самалы
Толқын шашың тербеген?
Есіңде ме еркелеуші ең
Иығыма асылып,
«Болды, жаным, – кетем», – деуші ең, –
Таң атты, – деп асығып.
Есік алды көк орманнан
Екі талды кесіп ал,
Соны біз – деп, ойла да өзің
Өткен күнді есіңе ал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу