10.07.2022
  310


Автор: Арман Тосқанбаев

Кайдзен сағаты

 Кайдзен сағаты деген не?


Кайдзен сағаты — ең қымбат уақыт пен тәуліктік инвестиция. Оны өткізіп алуға
болмайды. Кайдзен сағаты – ол:
 Оңтайландыру;
 Жақсарту;
 Өндірісті ұлғайту;
 Шығынды азайту;
 Жеке тиімділікті арттыру және т.с.с.



Кайдзен сағатына не кіреді?


Ойлану, видео көру, кітап оқу, конспект жазу – сіздің қандай видео көріп, не туралы
ойланатыныңызға байланысты. Егер оңтайландыру туралы ойласаңыз, демек ол –
Кайдзен сағаты. Ал басқа нәрсе туралы ойласаңыз, Кайдзен сағаты емес. Келген
ақпаратты талдау да оған жатпайды. Канбан тақтамен жұмыс – Кайдзен сағаты емес,
жай ғана жоспарлау.



Қысқасы:
• Оңтайландыру;
• Жақсарту;
• Өндірісті ұлғайту;
• Шығынды азайту;
• Жеке тиімділікті арттыру және т.с.с. бәрі – Кайдзен сағатын құрайды.



Кайдзен сағатында қандай сұрақтар қою керек?


1. Мені қандай мәселелер мазалайды?
2. Ол мәселелерді шешу үшін маған не керек?
3. Олар болашақта тағы қайталанбас үшін не істеу керек?
4. Ондай мәселелердің алдын алу үшін қандай автоматтық құралдар: алгоритмдер, чекпарақтар, еске салушы құрылғылар қолдану керек?
5. Оған сәйкес және ұқсас қандай мәселелер туындауы мүмкін?
6. Олардың қалай алдын алуға болады?
7. Өмірімде тағы нені жақсартуым керек деген тақырыпта еркін ой-толғау.
8. Жақсарту тақырыбы бойынша қандай кітаптар оқуым керек?
9. Қандай алгоритмдер құрастыруым керек?
10. Қандай жаңа әдеттер қалыптастыруым керек?



Кайдзен сағаты мен жоспарлаудың айырмашылығы неде?


Бұл екеуі – екі бөлек нәрсе. Кайдзен сағатында сіз оңтайландыру, тиімділікті арттыру
туралы ойлайсыз; чек-парақтар, алгоритмдер, стандарттар, скрипттер құрастырасыз.
Қиындықтарды шешу мен жұмысыңызды жеңілдету туралы кітаптар оқисыз, қосымшаларды қарайсыз және т.б. Бұл қаруыңызды сайлаған сияқты. Ал жоспарлау кезінде сіз жоспар құрып, оны әрекетке бағыттайсыз. Яғни, жоғарыдағы айтылғандарды пайдалана отырып, жұмыс жоспарын құрасыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу