Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  90


Автор: Ғафу Қайырбеков

Бұлтты көрсең аспанда...

Бұлтты көрсең аспанда,
Жауады деп жасқанба.
Əдейі қысас жасайды ол,
Мəз болып ызғар шашқанға.
Шашыңды жаппа жібекпен,
Бұрымды серпіп кейінге.
Жаныңды сəтке жүдеткен,
Жалбағай бұлтқа кейіме.
Жығылмай жатып, жүгінбе –
Жеткізе бермес бар арман.
Жарқырап тұрған күнің де,
Сағынту үшін жаралған.
Қамалап сырқат кетті – деп,
Қамыққан кейпің батты ғой.
Болып та жатыр көп тілек,
Сондықтан тірлік тəтті ғой.
Сабырға сабыр қос, қалқам,
Өмірің – майдан, мың егес.
Сақтасын сəттен тас-талқан,
Бер жағындағысы түк емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу