Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  97


Автор: Ғафу Қайырбеков

Рақмет туы, – көтеріл сен көктемде...

Рақмет туы, – көтеріл сен көктемде,
Уақыт қой бұл тілдесетін көкпен де.
Уақыт қой бұл қоя салып жақынды,
Тілдесетін жатың менен жекпен де.
Жайып салып жаның менен дəміңді,
Көрсететін салтанат пен сəніңді.
Көрсететін уақыт қой бұл байғұс-ау,
Дүниеде сен де тірі, барыңды!
Бəрі ғайып – өр басына қонған бақ,
Бүгін тəттің – ертең ащы сор болмақ.
Барын айтып қалады ғой көктемде,
Қоңыз екеш қоңыз-дағы қорбаңдап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу