Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  92


Автор: Ғафу Қайырбеков

Тау Көкше көкректен ой ағытқан...

Тау Көкше көкректен ой ағытқан,
Қиырдан қиял жүйткіп орағытқан.
Күндердің саған қарап көз талдырған,
Əсерін əсте бойдан мен арылтпан.
Қарағай – қас пен кірпік, қабақтарың,
Бурабай – көз жанарың қарап бəрін.
Түсірген құбылыстың дəл кескінін,
Үйретіп жүру, тұру сабақтарын.
Мен саған шын риза күйімменен,
Тағы да тамшы құрап, құйылды өлең.
Мен сонда диплом жазып жатқандаймын,
Тақырыбы – «туған жерді сүю» – деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу