Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  74


Автор: Ғафу Қайырбеков

Бұлттардың Көкшетауда қалпы қызық –

Бұлттардың Көкшетауда қалпы қызық –
Кейде ару ақ көйлекті,
алтын жүзік.
Шыға сап маңғаз Көкше құшағынан,
Барады көк аспанға қалқып жүзіп.
Жарқылдап күміс кебіс іле салған,
Түсуге секілденер аз-ақ қалған.
Сұлудың күреңітер аяқтары,
Жап-жаңа күн нұрына малып алған.
Төсектен түнгі ыстық тұра атылған
Жас ару əрең өлмей ұятынан.
Көліне Бурабайдың асығады,
Жиналмай қара бұрым ширатылған.
Күмп берер ыстық басып,
ынтық басып,
Ақ самал ақ орамал жұлқып қашып,
Күлегеш Бурабайдың толқындары,
Ойнайды жас сұлумен қытықтасып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу