Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  433


Автор: Ғафу Қайырбеков

Асау бір толқын бүктелді...

Асау бір толқын бүктелді,
Тұңғиық айтты азасын.
Аспанда жұлдыз кілт сөнді –
Хабарлап ердің қазасын.
Сүйкімді-ақ еді-ау сол жұлдыз!
Жарығын шашып болмастан
Ақты да кетті... Үн-түнсіз
Қарайып сол сəт қалды аспан.
«Қапыда кеткен жұлдыздар
Қара көк аспан төсінде.
Қайталар», – деген бір сөз бар
Тарихтың заңы есінде.
Қарт Днепр толғанды,
Бір шумақ отты құшақтап.
Ып-ыстық суда жол қалды
Шымырлап ойнап, моншақтап.
О, ғажап, өзен күрсінді.
Күрсінді яки өкінді.
Жүректің сонау дүрсілі
Басылмай жатқан секілді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу