Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  74


Автор: Ғафу Қайырбеков

САУЛДЫҢ САЙЫСҚА КІРІСЕРДЕГІ ЖЫРЫ

1
Уа, ерлерім! Егер менің еншіме
Елім үшін өлім тисе, ренжіме!
Жасымаңдар, жауға батыл барыңдар,
Жау сескенер бізде мықты қару бар!
2
Садағым мен сауытымды көтерген,
Қолқанатым, саған айтып өтем мен:
Қашса əскерім төтеп бермей жауызға,
Онда мені өз қолыңнан бауызда!
3
Жалғыз нəсіл, жаным балам, жеңерміз!
Біз де жеңіс салтанатын көрерміз.
Даңқымызды дабылдатып қайтармыз,
Я болмаса, құшақтасып өлерміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу