Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  67


Автор: Ғафу Қайырбеков

СЕН ЖЫЛАДЫҢ

Сен жыладың: жас ыршып,
Жанарыңнан сөнді нұр.
Сонда жерге асыл шық
Құйылғандай болды бір.
Сен жымидың: ақ алмас
Тайды таймас жүзінен.
О дағы өткір бола алмас
Сенің отты көзіңнен.
Бұлт ішіне нұр тастап,
Күн жөнелсе бір батып,
Ол сəулені түн жасқап,
Сөндіре алмас көп уақыт.
Сен де сондай жымиып,
Сəуле шашып түнекке,
Қуанышты нұр құйып
Кетесің-ау жүрекке!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу