Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  64


Автор: Ғафу Қайырбеков

ЖЫЛАЙ КӨР...

Жыла, біздей – Вавилонның көлін жаспен тасытқан,
Ел тұтқында, қаңырап қалды сəнді храм басып шаң.
Жыла, жыла, Яһұд жыры тасқа соқты қанатын,
Ардагерлер аруақ болды елді бастап баратын.
Талған аяқ құс пен шаңын су болар ма жуарға?
Сион күйі жүрек дертін тарқатар ма, қуар ма?
Бұрынғыдай Иуда жыры шығарар ма құмардан,
Бұрынғыдай үні бар ма жүрек толқып, сыр алған?
Қу далада босып жүрген қырсық шалған бір ұрпақ,
Арылар ма сор-азабың, болар оған кім ортақ?
Ұясы бар қортық құстың, қу түлкінің іні бар,
Сенде, Израиль, мола бар тек аяқ баса жығылар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу