Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  102


Автор: Ғафу Қайырбеков

ЖЕРДЕГІ ПАТША, КӨКТЕ ҚҰДАЙ ЕРКЕСІ

I
Жердегі патша, көктегі құдай еркесі, –
Əмірші-ақын арфасы тынды ал бүгін!
Ең ұлы жүрек егіле жылап жерде осы,
Қасиетті көз жас төгіп те бітті барлығын
Арфада шек жоқ! Еселе көздің жаңбырын!
Құлағын, көңілін түк қозғамас, селт етпес,
Темірдей жандар тебіреніп еді бір соған.
Оларға ерлік, күш беріп еді мерт етпес,
Сол əсем үнмен солардың жаны жұмсаған.
Дəуіттің жыры, таласар күшпен кім саған!
II
Жырлады Арфа патшаның жеміс күндерін,
Жырлады көкте тəңрінің даңқын асырып.
Шарлады асыл аймақтың бəрін сол бір үн,
Жылжыды таулар, жылжыды емен бас ұрып,
Сол өлең, шіркін, көкте де тұрды асылып!
Ол өлең енді естілмес жердің бетінен,
Тек қана биік Сенім мен серік Махаббат.
Сол жырдың шыққан жеріне жетіп еркімен,
Шарықтап барып болады соны қайтармақ,
Қайтпайды бірақ, алғасын мекен ол таңдап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу