Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  286


Автор: Марфуға Айтқожина

АТАМЕКЕН

Бөктертiп қанжығаға қаншама арман,
Құйылған тасқындайын сан сонардан –
Жалғанда одан асқан бар ма қасiрет,
Елiңдi, туған жердi аңсағаннан?!
Құралған сан түстерден, сан сəуледен,
Өмiрiң өтiптi, Анам,
Аңсауменен...
Аңсау дейтiн –
Адамның ар-ұяты,
Содан сөнiп кетерсiң,
Жансаң неден...
Төзiмдi едi қазақтың халқы қандай,
Сорынан арылмаған, тайқы маңдай!..
Жайым жоқ,
Көрге арқалап кететұғын,
Кезiнде айтарымды, айтып алмай!..
Бiреуi өзiм бе екем, сормаңдайдың,
Қамықпай өтпейдi екен,
Толғанбай күн..
Бұл қалың қазағымның қасiретi,
«Сормаңдай!» болғаныма,
Қорланбаймын!..
Тiрлiктiң мəнi неде, сəнi неде,
Адамның бiрдей емес, əрi неге?!.
Өркенiн өрбiтсiн деп, аз қазағым,
Əлемнiң шашты ма екен,
Бəрiне де?!.
Келетiн шуақ күнiн тосып батыл,
(Ауылы бауырластың қашықта тұр...)
Атыңнан айналайын,
Атамекен!
Бастарын сол қазақтың қосып жатыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу