Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  104


Автор: Марфуға Айтқожина

ӨЛЕҢ-ТАҒДЫР

Туған жер, көз жазып сан туысымнан,
Келгенбiз, сонау Күннiң шығысынан.
Жүрсем де талай асқар асу асып,
Тағдыр-ай!
Шыға алмадым уысыңнан...
Келемiн құтыла алмай қыспағыңнан,
Тосылып,
Тосқауылды, тұстарыңнан.
Келемiн жiгерiмдi тасқа қайрап,
Осынау өлең-жырға құштарымнан.
Жiбiмей қойды неге қаталдығың,
Қалыңдап қаталдықтан жатар мұңым...
Арбалып тiршiлiкке жүргенiмде,
Арманда менiң-дағы батар күнiм!..
Қаншама қалың торын жайсын азап,
Күндер де өтер-кетер сайқымазақ...
Тағдырым, өлең менiң таңдағаным,
Ақын емес дер екен қайсы қазақ?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу