Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  97


Автор: Марфуға Айтқожина

Жаудырып жаз күнiне алғысты айтып...

Жаудырып жаз күнiне алғысты айтып,
Құйылды жапырақтар,
Сарғыш тартып.
Сағынып келiп едi көктемеде,
Барады жылы жаққа
Сан құс айтып...
Келгенде ажар берiп, жарасып ең,
Кеткенiңде
Тартқандай дала сүрең...
Сəуiрдiң бұлты емес,
Жауып өткен,
Құстар ғой,
Жыр төгiлткен қанатымен!..
Болғанмен қаншалықты сыр-күшiмiз,
Қалдырған болса-дағы нұрлы iсiмiз –
Бiржола ұшып кетер,
Мезгiл жетсе,
Тiрлiктiң бəрiмiз де бiр құсымыз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу