Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  66


Автор: Марфуға Айтқожина

Үрейленiп орнымнан түрегелдiм...

Үрейленiп орнымнан түрегелдiм,
Iштей налып, көп екен,
Жүдеген күн...
Бар-жоғымды бiреулер ұмытқанмен,
Ал, жырларым,
Есiнде жүредi елдiң!
Болмаған соң көңiлдiң күйi бөтен,
Көп сырыңды көкейге түйiн етем.
Қанша қиын болса да бұл өмiрдi,
Сол қалпында қабылдап,
Сүйiп өтем!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу