Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  89


Автор: Марфуға Айтқожина

АСТАНА ТӨЛ ПЕРЗЕНТI ЕЛБАСЫНЫҢ

Тұрғанда бодандықтың сұмдығы үдеп,
Бұлқынған бостандыққа мұңды жүрек.
Сол кезде-ақ айтқан екен батыр бабам,
«Ақмола қазақ жерiнiң кiндiгi» – деп!..
Жел де емен, құзар да емен, тасқын емен,
Кеудемде тулап, толқып жатсын өлең.
Тəуелсiз қазағымның Астанасы,
Он асу, айбынданып асты белең!
Көз тартып, көкке бойлап Бəйтерегiм,
Өресiн көрсетiп тұр қайсар елдiң.
Он жылда Астананы əлем танып,
Тəкаппар елдерменен бой теңедiм!
Жол нұсқап ерлiгiмен батыр бабам,
Шуақтап нұрлы күнге жатыр ғалам.
Намысын қашан-дағы қолдан бермес,
Мəрттiгiн ел екенбiз жасырмаған.
Елменен жалғастырып елдi бүгiн,
Келемiз аспандатып кеңдiк үнiн.
Жайнатып, жарқыратып, Ақорданы,
Асқақтап көрiнетiн келдi күнiң!
Жаңғыртып жер мен көктi тасқын үнi,
Астана, он асудан асты мiне.
Есiлдiң өзенiндей есiлiп бiр,
Ақынның буырқанып жатшы жыры!
Асырып аруағын Астананың,
Тербейдi төрт құбыланы асқақ əнiм.
Рухы бабалардың тұр ғой қорғап,
Астана, бұлт шалдырмай қас-қабағын.
Шындықты керегi не жасырудың,
Келесiз көшiн бастап ғасырымның.
Тербейдi ұлы дала, байтақ елiм,
Бұл күнде əлем бiлген асыл ұлын!
Асырып Ақордадай қала көркiн,
Қалықтап, хас қыраным барады еркiн.
Астана, мерейiңдi биiктетiп,
Жұлдызы маңдайыңның жана берсiн!
Ойларың бастау алып бұлақтардан,
Жұртыңа жаның адал сыр ақтарған.
Астана –
Елбасының төл перзентi,
Жаралған шұғылалы шуақ таңнан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу