Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  68


Автор: Марфуға Айтқожина

ҮЛБIРЕГЕН ҮЛБIНIҢ ЖАҒАСЫНДА

Бiр ерекше ұшқын ойнап көзiнде,
Толқындардың тулап жатқан кезiнде –
Беу, құдiрет,
Су да адам секiлдi,
Берiледi теңдесi жоқ сезiмге.
Текке өтiп жатпағандай бұл күнiм,
Толқытады жүрегiмдi сырлы үнiң.
Ойға шомып, қарап тұрмын жағада,
Толқынына,
Үлбiреген Үлбiнiң!
Толқындар-ай, бұратылған қыз-бұрым,
Тiл табысып жатқандаймыз бiз бүгiн.
Үнсiз ғана аймаладың жанымды,
Сен де аңсап қалыпсың-ау,
Түз гүлiн!
Ұмытылмас, қимас кезең, бұл кезең,
Құшақтасты –
Ертiспенен Үлбi өзен.
Серуендетiп жүр жағада, бауырлар,
Елiне ыстық,
Төркiндеп келген қыз деген...
«Жыр – Аққуын» айдынына қондырып,
Ойлардың да пəктiгiне шомдырып.
Күн еңкейдi көкжиектен болдырып,
Айналама –
Жаны жайсаң толды жұрт!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу