Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  387


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАН АҒА!

(Ілияс Жансүгіровке арналады)
Ақсудың өзеніндей сарқылмайтын,
Ақынсың,
Ақын сенен артылмайтын.
Ақындық аспанында орның бөлек,
Көк найза,
Көк семсердей жарқылдайтын.
Таңғалам, жырларыңа ғажап, тұнық,
Жоқ еді өміріңде ағаттылық.
Бəйгеге Құлагердей жүйрік қостың,
Жетісу шыңдарынан қарап тұрып!
Жетті ғой, бұл күнге де төзіп сезім,
Жан аға!
Жақсы күнге кезікпеді.
Айналған бар болмысың өлең-жырға,
Атың жүр,
Ұлы өлкемнің кезіп көгін!
Өзіңді пір тұтады, дана түлек,
Қайтадан орнамайды қара түнек.
Тербеші, кең далаңды,
Кербез жырмен,
Жаңғырсын,
Жүз жылында дала түлеп!
Қайырмасы:
Жетісудың жеріндей,
Майда-жібек желіндей.
Оралшы қайта, жан аға,
Жұлдызым сенсіз жана ма?!.
Арманда кеткен арысым,
Аңсады қарт та, бала да!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу