Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  243


Автор: Марфуға Айтқожина

АҚЫНДЫ ЕСКЕ АЛҒАНДА

Қашан да орны бөлек жақсы ағаның,
Шындықты айтпай несін жасқанамын.
Жарқылдап ортамызда жүруші еді,
Аспанын биіктетіп – Астананың!
Қашан да орны бөлек жақсы Ағаның,
Бай еді, соншалықты досқа жаның.
Бəрін де ақын қыздың еркелетіп,
Жүруші ең, кір шалдырмай қас-қабағын...
Ақындық арқасында дарынды ерен,
Жұртыңа сыйлап кеттің жалынды өлең!
Ортаны жарастырып отырушы ең,
Қосылып əн салғанда жарыңменен.
Ақын Ғафа!
Өзіңді еске алғанда,
Қараймын, тербетілген кешкі орманға.
Қараймын, буырқанған өзендерге,
Қараймын, шексіз қиял кешкен жанға.
Қараймын, қиялаған қас қыранға,
Қыранға қиялаған, қастық аз ба?!.
Үлкенге іні, кішіге қамқор едің,
Жаны жақсы, басқаны жатсынар ма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу