Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  69


Автор: Марфуға Айтқожина

ОРАЛАРМЫН

Жатқандай көрік беріп далаға айдын,
Жанымды қалған емес,
Жанамай мұң.
Жеріңнен кіндік кескен
Шалғай жүріп,
Өзімді бақыттыға баламаймын!..
Арманға құрық салып, үміт қуған,
Тұндырып ішкен жан ем,
Тұнық сырдан...
Өмірге кеше келген
Немерем бар,
Қайғымды сол ғой бір сəт
Ұмыттырған.
Кетпейді ұшып үміт, дала-желге,
Жалындап жыр-шырағым,
Жанады өрде!
Анамның ақ сүтімен
Бірге жеткен,
Жатталып, өлең-жырым,
Қалады елде!..
Бұл емес жүрек оты өшер жерің,
Биіктен неше құлап,
Неше өрледім!..
Қайда деп,
Атамекен, тартып кеткен,
Туған жер, өрлігімді,
Кешір менің!..
Жанымды құрармысың,
Кетсем жазбай,
Тағдырдың тауқыметін –
Тартқам нардай!
Соңымнан
Шүпірлетіп ұрпағымды,
Бір күні оралармын,
Қайтқан қаздай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу