Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  70


Автор: Марфуға Айтқожина

АҚЫННЫҢ СӨЗІН ЖЕРГЕ ТАСТАМАЙТЫН!

Құйылып көкірекке қуатты үн,
Төгіп тұр ашық аспан шуақ нұрын.
Көңілім осы күнді –
Көптен күткен,
Бейне бір қанатты құс сияқтымын!
Жүрсек те қанша белес, асып қырды,
Өмірге ақын жүрек, ғашық сынды.
Бір сезім мөлдіреген тасып сырлы,
Жетуге бір өзіңе асықтырды.
Жыл он екі-ай жүретін баптап жырмен,
Шабыттың оты маздар,
Шақпақ жылмен.
Өзіңдей азамат бар арамызда,
Қашан да ел сенімін ақтап жүрген!
Жанарын желпімесе, жасқамайтын,
Келеді жақсылыққа,
Бастап ай-күн.
Қасиетті ел қашан да
Қазақ елі,
Ақынның сөзін жерге тастамайтын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу