Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  65


Автор: Марфуға Айтқожина

ДАРА ШЫҢ

Əн-жырымен тербеп қазақ даласын,
Тұрған жоқ па, сол далада –
Дара шың!
Жыр үлесің жетсе де жер жүзіне,
Жаза алмапсыз,
Жыр-жүректің жарасын...
Тауып тұрған шың-құздармен жарасым,
Мықтылыққа сонша қайран қаласың!
Қазағымның Абайына, бұл əлем,
Қызығып та,
Қызғанып та қарасын!
Қасіретінен – тебіренген қара түн,
Қара бұлттан нөсердейін жауатын.
Қарауылдың –
Қоңыр ұлы біздерге,
Қалай ғана талмай жетті қанатың?!
Сезіміне шек келтірмес, ғашықтың,
Дүние жалған,
Нұр құшағын ашып тұр.
Көлдер кешіп,
Талай таулар, асып шың,
Мен де осынау мерей тойға асықтым,
Жырдан шашу қалайын деп, шашып бір...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу