Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  76


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚҰС СЕКІЛДІ ҚАНАТТЫ

Қайда барсаң, қалың елің қаумалап,
Ой да, қыр да,
Қалды сізге тау қарап!..
Көбелектей қос қанаты қағылған –
Бал бөбектер,
Алды-артыңды алды орап.
Жасыра алмай қуанышын көңілдің,
Құстар сайрап,
Тұс-тұс жақтан төгілді үн.
Жұпар шашып құлпырады, сезім – гүл,
Өзі бақыт!
Сол бір сəтті көрудің.
Кештер батып, арайланып таң атты,
Өтті талай талдырған күн тағатты.
Туған елдің биігінде қалықтап,
Бара жаттың,
Құс секілді қанатты!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу