Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  109


Автор: Марфуға Айтқожина

ШЫҢЫНАН АЛАТАУДЫҢ ӨРЛЕП КҮНІМ!

Біз жаққа ала келдің ашық күнді,
Ашық күн, жақсылыққа асықтырды.
Бұлты жоқ, бүкпесі жоқ көңілінің,
Жандарға жаным менің ғашық сынды!
Біз жаққа ала келдің ашық күнді,
Алматы саған құшақ ашып тұрды.
«Болашақ» жайлы ойды ортаға сап,
Жанарың от шашады, ашық – нұрлы!
Жиналған жұрттың бəрін серпілдіріп,
Отырдың еркін сөйлеп, еркін күліп!..
Жылдардың жылжығанын аңғармаппын,
Өлеңнің алуан күйін шертіп жүріп...
Ұнайды, елің сенген сергектігің,
Кеткеңдей, жан-дүниені тербеп бір үн!
Келеді сарқылмайтын шуақ құйып,
Шыңынан Алатаудың – өрлеп күнім!
Шыңынан Алатаудың өрлеп күнім,
Күн сайын жаңғыруда, өрнекті үнің!
Тілейді еліне де, Ерге амандық
Ағынан ақтарылып,
Жер – көк бүгін!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу