Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  78


Автор: Марфуға Айтқожина

АЛТЫН ДІҢГЕК

Аттағанда тіршілік қақпасынан,
Еңбекті бастадыңыз бақташыдан.
Толғанып той кешінде қалайын бір,
Жан түбінде жасырын жатпасын əн.
Жалтармайтын жандардың біреуі едің,
Табылатын шындықтың тап қасынан.
Туылса да Ресейдің Саратында,
Елге деген жатты ұғым санасында.
Ұлтқа, ұруға ешкімді жіктемеген,
Тұғырында толқиды,
Дара тұлға!
Өркендетсе екен деп өрім жасты,
Өмірдің ой толғадың төрінде ащы.
Адалдықтың жүрген соң атын тартып,
Өзіңді кеттім іштей көріп жақсы...
Таң шапағын толтырып көзге тұнық,
Биіктерге үн қаттың, жерде тұрып.
Жетпісіңнің кемесі желкен жайып,
Өмір-теңіз,
Келесіз тербетіліп!
Жыр көрігі суынбай, жансын гулеп,
Өміріңіз, жақсы Аға,
Қалсын жыр боп.
Шындық үшін орнатқан ортадағы,
Секілдісің, қозғалмас
Алтын діңгек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу