Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  118


Автор: Марфуға Айтқожина

АРУ АЛМАТЫ

Бақшада бұлбұл сайрайды,
Ырғалып, гүлдер жайнайды.
Сыңғырлап аққан бұлақтар,
Ақ маржан шашып ойнайды
Желпініп желмен тал-қайың,
Сүйейді тауға маңдайын.
Сайраған құстар даусына,
Қағады, дүние, таңдайын!..
Құлпырған жасыл сая-бақ,
Серуендеп келем, аралап.
Тербейді ару Алматы,
Сəбидей бəрін аялап!
Кірпігін малып шықтарға,
Шашырап шуақ шыққанда,
Аяулы, ару – Алматым,
Жанымды сендей ұққан ба!..
Бойыңды теңеп асқарға,
Ұмтылып тұрсың аспанға.
Аяулы, Ару Алматым,
Сұлулық сенен асқан ба.
Ұсынған жұртқа алмасын,
Жүзіңді мұнар шалмасын.
Əлемді атың шарласын,
Алматым,
Ару Алматым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу